АҚШ президенті Талибанға қандай жағдайда жойқын соққы жасайтынын айтты

/image/2021/08/17/crop-12_6_507x767_antony-blinken-biden-afghanistan.jpeg

АҚШ президенті Талибанға "жойқын күшпен" соққы беретінін айтты. Байден мұндай "жойқын" соққы үшін төтенше жағдай жоспарын жасағанын мәлімдеді.

Тәліптер Ауғанстан астанасы Кабулды бақылауға алған соң, қала әуежайында хаос орнады. Хаос кезінде жеті адам қаза тапқан. Ауғанстандағы мыңдаған АҚШ азаматы және америкалықтармен жұмыс істеген ауғандарды эвакуациялау үшін АҚШ президенті Джо Байден Кабулда теңіз армиясы мен қарулы күштерді 5 000-ға көбейтуді тапсырды. Сонымен қатар одақтас ауғандар үшін арнайы виза болатынын айтты.

– Америкалық әскерлер бұл миссияны кәсіби және тиімді орындауда, бірақ тәуекел же жоқ емес. Біз эвакуациялау операциясын жүзеге асыра отырып, Талибанға "егер біздің қызметкерлерге шабуыл жасаса немесе операциямызды бұзса", АҚШ реакциясы жылдам әрі күшті болатынын түсіндірдік, – деді Байден.

АҚШ президенті қажет болған жағдайда өз халқын қорғау үшін жойқын күшпен соққы жасайтынын да айтты.

 

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи